Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) №4 — «Сапалы білім беру» жүзеге асыру мақсатында 2026ж. 19 ақпан күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Г.С. Шамшиева «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыпта 1-ші курс студенттерімен кейс негізіндегі мастер-класы өткізді. «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақ хандығы кезеңіндегі қабылданған заңдар», «Абылай ханның қазақ хандығын басқаруы» деген тақырыптар бойынша студенттер үш топқа бөлінді. Әрбір топ студенттері слайдтар қорғап, кроссворд, тест, криптаграмма негізінде ойындар ұйымдастырды. Домбырамен күй тартылды.
Шамшиева Г.С. студенттерді қазақ хандығына арналған бірқатар еңбектерімен таныстыра отырып, қазақ хандығының құрылуы кезеңіндегі заңдардың қабылдануы туралы, жоңғар шапқыншылығы тұсындағы қазақ халқының тағдыры, «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханнның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысының» ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы атап өтті. Абылай хан заманындағы батырлардың ерекше рөлі көрсетілді. Сонымен қатар қазіргі Тәуелсіз елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдармен байланысы көрсетілді.
Студенттер мен мастер класқа қатысушы кафедра оқытушылары өте жақсы әсер алып шықты.


