Select Page

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында университет қабырғасында «XXI LEADERS» студенттік клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тарих жолында» тақырыбында интеллектуалды жарысы өтті.

Студенттер арасында өткен интеллектуалды квизға 8 топ қатысып, сайыс өте тартысты өтті. Жарысқа «ИТС», «ЭЦТ», «ИЛБ», «Жұлдыз», «Кадастр», «Титан», «Локоматив», «Ракета» командалары қатысып, жүлделі І орынды «Локоматив» командасы жеңіп алды.

Ойын барысында студенттер жарысып қана қоймай, тарихымызды тереңінен түсініп, өткенімізге көз жүгіртіп, пайдалы өтті деп айта аламыз. Интеллектуалдық ойындар студенттердің логикалық ойлау қабілеттері мен есте сақтауын жақсартып, көкжиегін кеңейтеді.

Приемная комиссия