4 сәуір күні Алматы қаласы әкімінің аппаратының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ауқымды сенбілік өтті.
Аталған игі іске ALT университетінің ұжымы мен студенттері белсенді түрде атсалысып, университет аумағында және студенттік үйлерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Бұл шара — тек тазалықты сақтау ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Табиғатты аялау — әрбір азаматтың парызы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11-бағыты — «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» қағидаттарымен үндесіп, өмір сүруге қолайлы, таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға үлес қосады.
Бірлесе атқарған еңбек — ортақ нәтижеге жетелейді!


