06.04.23 ж. «Тілдік дайындық» кафедрасының сениор-лекторы Қалқабаева Г. У. «Научные открытия и этика» ӨЖБӨЖ тақырыбы бойынша ITЭЭ-22-1, ITЭЭ-22-2 топтарында баспасөз конференциясын өткізді. Студенттер 7 апта бойы баспасөз конференциясын өткізуге дайындық жүргізді: баспасөз конференциясын өткізу бойынша материалды, әдебиеттер тізімін таңдау, жоспар, сұрақтар жасау, бейнематериал мен сценарийді дайындау. Әрбір орындалған тапсырма бағаланды. Студенттер арасынан спикерлер, журналистер және баспасөз хатшысы таңдалды. Мұндай жұмыстың нәтижесі 8-ші аптада баспасөз мәслихатын өткізу болды. Осы форматта ӨЖБӨЖ жүргізу келесі дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді: тақырып бойынша ғылыми-көпшілік әдебиеттерді таңдау, жүйелеу, талдау, ұсынылған материалды тез шарлау, сауатты сөйлеу, аргумент құру, сұрақтар қою, ақпаратты иллюстрациялау, презентация материалымен жұмыс істеу, басқалардың пікіріне төзімділік.