Select Page

13 сәуір 2023 жылы ALT «Тілдік дайындық» кафедрасында қос ғашықтар күніне арналған «Қос жүректің ұраны Қозы мен Баян» атты іс-шарасы өтті. Ұйымдастырушы «Тілдік дайындық» кафедрасының сениор-лекторы Шинтаева Л.А. және IT-ЭЭ-22-9k мен ЦЛ-22-1k топтарының студенттері.

Аталмыш шарада студенттеріміз Қозы мен Баян атты қос ғашықтың тағдырын баяндайтын қысқаша қойылым қойды. Сонымен қатар өнерлі студент қыз-жігіттеріміз «Құдаша» деп аталатын мюзиклдан үзіндісін сахналады. Мерекелік іс-шара ән шашумен жалғасын тауып жатты. Іс-шара ұйымдастырушысы Шинтаева Л.А. қазақ ұлттық тағамдары ұсынылған ақ дастархан басына оқытушылар мен студенттерімізді шақырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты өткенге көз жүгіртіп төл мәдениетіміз бен төл әдебиетімізді ұлықтау; ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте жастар санасына сіңіру болды.

Приемная комиссия