ALT Университетінде ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс қағидаттарын жүзеге асыру білім беру, ғылыми зерттеу және әлеуметтік жауапкершілік бағыттарын біріктіре отырып жүргізіледі. Университет тұрақты даму мәдениетін қалыптастырумен қатар, студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға және олардың бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөледі.
ALT Университетінде бұл бастама тек ғылыми зерттеулерді қолдаумен ғана шектелмей, сонымен қатар оқуда үлгерімі төмен студенттерді қолдау және оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың әлеуетін ашуға бағытталған. Студенттер практикалық жобаларға қатысу арқылы жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, тұрақты даму саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге үлес қосады.
Осы бағдарламаның аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі — «Сенсорлы датчиктер көмегімен арнайы киімге адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе енгізу» тақырыбындағы зерттеу жұмысы. Жоба өндірістік ортада жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Арнайы киімге орнатылатын сенсорлы датчиктер адамның жағдайын, қоршаған ортаның қауіпті факторларын және төтенше жағдайларды анықтап, дер кезінде сигнал беруге мүмкіндік береді.
Бұл жоба жауапты өндіріс қағидаттарын қолдай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, технологиялық инновацияларды дамыту және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, студенттердің инженерлік ойлауын дамытуға, ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыруға және тұрақты даму мақсаттарын тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді.
ALT Университеті алдағы уақытта да студенттердің ғылыми жобаларын қолдап, тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және инновациялық технологияларды дамыту бағытындағы бастамаларды жалғастырады.


