Select Page

«Энергетика және сандық технологиялар» институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында 3-курс студенттеріне «Пойыз қозғалысын диспетчерлік бақылаудың микропроцессорлық жүйесі ДЦ-QZ» тақырыбында лекция өткізілді.

Лекцияны Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-33) РЦУП-2 СОБ аға электромеханигі Бейсенбеков А.Б. жүргізді. Сабақ барысында студенттерге заманауи теміржол автоматикасы мен телемеханика жүйелерінің бірі болып табылатын ДЦ-QZ микропроцессорлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары жан-жақты түсіндірілді.

Атап айтқанда, пойыз қозғалысын орталықтандырылған басқару, диспетчерлік бақылау, ақпаратты өңдеу және беру процестері, сондай-ақ жүйенің қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылды. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибеден алынған нақты мысалдар келтіріліп, жүйені пайдалану ерекшеліктері талқыланды.

Мұндай тәжірибелік бағыттағы лекциялар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған лекция тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты — жауапты тұтыну мен өндірісті қамтамасыз ету қағидаларымен ұштасады.

Skip to content
Приемная комиссия