Select Page

2026 жылдың 26 наурыз күні Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының студенттері мен оқытушылары ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс бағытын қолдау мақсатында «Fabriqa» киімдерді қайта өңдеу фабрикасына экскурсия жасады.

Fabriqa – текстиль қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын экологиялық жоба. Фабрикада пайдаланылған киімдер арнайы контейнерлер арқылы жиналып, кейін материал түріне қарай сұрыпталып, қайта өңделеді. Қайта өңдеу нәтижесінде өндірістік шүберектер, толтырғыш материалдар және басқа да пайдалы өнімдер дайындалады.

Бұл экскурсия студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға және жауапты тұтыну қағидаттарын түсінуге мүмкіндік берді.

Осындай пайдалы әрі қызықты экскурсия үшін «Fabriqa» командасына алғыс білдіреміз!

Skip to content
Приемная комиссия