Select Page

«Энергетика және сандық технологиялар» институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 3-курс студенттері серіктес кәсіпорын — Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында (ШЧ-33) танысу тәжірибесінен өтті.

Өндірістік ортамен тікелей танысу студенттердің тәжірибеге бағытталған құзыреттерін дамытуға, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұндай формат болашақ мамандарға нақты өндірістік үдерістерді терең меңгеріп, кәсіби тәжірибе жинақтауға жол ашады.

Өндіріспен танысу — білім беру мен өндірісті тиімді ұштастыратын маңызды модель. Ол студенттердің оқу үдерісін практикалық қызметпен байланыстырып, еңбек нарығының өзекті талаптарына бейімделуіне, жауапкершілік пен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруына ықпал етеді.

Бағдарлама Тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты — жауапты тұтыну және өндірісті жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Бұл бағыт ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік мәдениетті арттыру және тұрақты даму қағидаттарын кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Іс-шара барысында студенттерге өндірістік үдерістермен таныстыру жұмыстарын РЦУП-2 СОБ аға электромеханигі Бейсенбеков Абай Бауыржанұлы жүргізді.

Skip to content
Приемная комиссия