2026 жылдың 20 наурыз күні Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының студенттері мен оқытушылары Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдау мақсатында экологиялық бастама ұйымдастырды.
Іс-шара ТДМ 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс мақсаттарына сәйкес өтті. Бастама аясында кафедра студенттері мен оқытушылары пайдаланылған пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинап, оларды Freedom компаниясының фандомат аппаратына өткізді.
Жиналған бөтелкелер мен банкалардан түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа бағытталды. Барлық қаражат «Аралды құтқару» қайырымдылық қорына аударылды.
Бұл бастама экологиялық мәдениетті дамытуға, қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын насихаттауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
Іс-шара соңында АКТ кафедрасы бұл бастаманы экологиялық челлендж ретінде университеттің басқа кафедралары мен студенттеріне жолдап, табиғатты қорғауға бірлесіп үлес қосуға шақырды.


