2026 жылғы 7 сәуірде 399-топ студенттері үшін ТДМ №13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында арнайы практикалық сабақ өтті. Шараны «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Л.А. Шинтаева ұйымдастырды.
Сабақ барысында еліміздегі экологиялық өзекті мәселелер, климаттың өзгеру себептері және оларды шешудің тиімді жолдары жан-жақты талқыланды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Бұл сабақ білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыруға және планетаны сақтаудағы әрбір адамның жеке үлесінің маңыздылығын түсінуге септігін тигізді.


