Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті мен «Alageum Electric» компаниясы арасындағы ынтымақтастық аясында «Электрэнергетикасы» мамандығының 3-курс студенттері «Алматы электромеханикалық зауытында» дуальды білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби тәжірибеден өтуде. Университет басшылығы ұстанған «Аз теория – көп тәжірибе» принципі негізінде студенттер дәрісханада алған білімдерін тікелей өндіріс орнында шыңдауда.
Зауыт қабырғасында болашақ мамандар электр жабдықтарын жинақтау, трансформаторлардың ішкі құрылымын орнату, электр шкафтарын монтаждау және схемалар бойынша қосу жұмыстарын жоғары деңгейде меңгеріп жатыр. Кәсіпорын тәлімгері А.П. Избасаров студенттердің жауапкершілігі мен қойылған міндеттерді сапалы орындау қабілетін ерекше атап өтті. Бұл жоба ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік» аясында жүзеге асырылып, білім мен өндірістің тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісі болып табылады.


