2026 жылғы 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің оқытушылары №17 Тұрақты даму мақсатын («Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік») іске асыру аясында «Транстелеком» АҚ, «RTeL Group» ЖШС және «ALLONS TELECOM» компанияларына барды. Сапардың мақсаты — телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық шешімдерді зерттеу және оларды дуалды оқыту шеңберінді білім беру процесіне интеграциялау.
«Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының оқытушылары Е.М. Алметова, Б. Хабиболлақызы және М.О. Еришова кәсіпорындардың өндірістік-технологиялық ортасына талдау жасап, мамандарды даярлаудың дуалды моделінің тиімділігін бағалады. Танысу сессиялары барысында нақты өндірістік процестерге тартылған студенттердің кәсіби қызметіне мониторинг жүргізілді.
Электрлік және оптикалық кабельдердегі ақауларды анықтау үшін қолданылатын рефлектометр сияқты заманауи диагностикалық құрылғылармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Мұндай жабдықтармен жұмыс істеу студенттерге заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдануда практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оқытушылар Талдықорған және Орал қалаларында практикадан өтіп жатқан студенттердің дуалды оқыту процесін онлайн-сессиялар арқылы қашықтан бақылады. Бұл оқу процесінің тиімділігін және мамандар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Университеттің телекоммуникация секторындағы кәсіпорындармен ынтымақтастығы еңбек нарығының заманауи талаптарына бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытуға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.


