Тұрақты даму саласындағы диссертациялық зерттеулерін қорғаған магистранттар мен докторанттарды аттестациядан өткізу барысы заманауи ғылымның жаһандық өзгерістердің басты қозғаушы күшіне (драйверіне) айналғанын нақты көрсетті. Жас ғалымдардың еңбектері табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудан бастап, тұрақты әлеуметтік-экономикалық жүйелерді қалыптастыру мен экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға дейінгі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін қамтиды.
Ұсынылған диссертациялық жұмыстар жоғары ғылыми деңгейімен ғана емес, сонымен қатар қолданбалы (практикалық) маңыздылығымен де ерекшеленеді. Жұмыс авторлары түрлі ғылыми тәсілдерді ұштастыра отырып, нақты міндеттерді шешуде пәнаралық кешенді көзқарас таныта білді.
Қорғау барысында университеттер, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы тұрақты серіктестікті дамытуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. Себебі, дәл осындай тығыз өзара іс-қимыл инновацияларды өндіріске енгізудің және тиімді тәжірибелерді ауқымды түрде таратудың негізі болып табылады.
Аттестация қорытындысы ғылыми қоғамдастықтың ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін берік платформа қалыптастырып жатқанын дәлелдейді. Бұл тұрақты болашаққа қол жеткізуге және барлық деңгейдегі серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мен күш-жігерді біріктіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Автор: Хабиболлақызы Б.


