Select Page

Энергетика және цифрлық технологиялар институтының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының студенті Беглеров Бауржан «Bereke Bank» АҚ серіктес кәсіпорны базасында дуальды оқыту аясында кәсіби даярлықтан өтуде.

Қазіргі уақытта Беглеров Бауржан Серікұлы банктің AI әзірлеу департаментінде Middle ML&AI Engineer қызметінде жұмыс істейді. Ол банк үдерістерін автоматтандыруға арналған интеллектуалды жүйелерді әзірлеу және енгізу жұмыстарына қатысады. Оның міндеттеріне бағдарламалық шешімдерді әзірлеу, жасанды интеллект модельдерін оқыту, деректерді талдау, алгоритмдерді оңтайландыру және IT жобаларды командалық әзірлеуге қатысу кіреді.

Аталған ынтымақтастық ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік» аясында жүзеге асырылып, «ALT Университеті» АҚ мен «Bereke Bank» АҚ арасындағы сұранысқа ие IT мамандарды даярлаудағы тиімді өзара іс-қимылдың үлгісі болып табылады.

Тәлімгер Каныкей Тыныбекованың айтуынша, Беглеров Бауржан өзін білікті әрі болашағы зор маман ретінде көрсете білді. Ол қойылған міндеттерді тез түсініп, тиімді шешімдерді жедел таба алатыны ерекше атап өтілді.

Дуальды оқыту студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта «Bereke Bank» АҚ-мен ынтымақтастықты кеңейту және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттерін өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өтуге тарту жоспарлануда.

Skip to content
Приемная комиссия