Select Page
2026 жылғы 18 наурызда «Автокөлік құралдары және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері оқытушы Каржаубаев А.С.-тің жетекшілігімен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ға (АЗТМ) таныстыру экскурсиясын жасады.
Экскурсияның мақсаты – 6B07138 «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерді кәсіпорынның өндірістік үдерістерімен таныстыру, өнім шығарудың технологиялық ерекшеліктерін, зауыттың ұйымдастырушылық құрылымы мен негізгі қызмет бағыттарын зерделеу, сондай-ақ заманауи өнеркәсіптік өндірістің жұмыс істеуі туралы тұтас практикалық түсінік қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында зауыт мамандары кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері, дайын өнімді өндіру технологиялары, сондай-ақ өндірістік үдерісте қолданылатын заманауи ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған басқару құралдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Студенттер өндірістік цехтарды аралап, өндірісті цифрландыру үдерістерімен, басқарудағы ақпараттық технологиялардың рөлімен, еңбек қауіпсіздігі талаптарымен және кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру жүйесімен танысты.
Алдағы уақытта студенттердің осы кәсіпорында өндірістік практикадан өтуі жоспарлануда.
Skip to content
Приемная комиссия