Select Page

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының ассистент-оқытушысы Төке Сандуғаш Талдыбекқызы «Білім беру, дене шынықтыру, спорт және туризмдегі инновациялар» атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Үстел теннисімен шұғылданушы студенттердің жалпы дене даярлық деңгейін анықтау» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада студенттердің жалпы дене даярлығын бағалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері, зерттеу барысында қолданылған әдістер мен алынған нәтижелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, үстел теннисімен жүйелі түрде шұғылданудың білім алушылардың физикалық дайындығын арттырудағы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы ғылыми тұрғыда негізделді.

Аталған конференция тәжірибе алмасуға, заманауи ғылыми зерттеулер нәтижелерін талқылауға және білім беру мен спорт саласындағы инновациялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия