2026 жылғы 11 наурызда Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім» бағытын іске асыру аясында 6B06116 «Ақпараттық жүйелер», 6B06172 «Үлкен деректер технологиялары», 6B06118 «Бағдарламалық инженерия», 6B06126 «Қолданбалы жасанды интеллект» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «AI қолдану арқылы IT-стартаптарды құру» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара спикерлері ретінде ИКТ кафедрасының түлектері: «Kcell» АҚ Senior Software Engineer Сейтқали Бекжан Нұрланұлы және «ENERGY System Logistics» ЖШС директоры Нургалиев Жангирхан Сапарұлы қатысты.
Дәріс барысында спикерлер IT-стартаптарды дамытудың заманауи тенденциялары туралы айтып, бағдарламалық өнімдерді әзірлеудегі тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ React, Next.js, TypeScript және React Native сияқты фронтенд әзірлеудің заманауи технологияларына тоқталды. Сонымен қатар, серверлік қосымшаларды әзірлеуде қолданылатын NestJS және MongoDB технологиялары да қарастырылды.
Аталған іс-шара болашақ IT мамандарын даярлау сапасын арттыруға, олардың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті. Бұл өз кезегінде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және табысты жұмысқа орналасуға қажетті заманауи дағдыларды қалыптастыруға бағытталған Тұрақты даму мақсатының №4 міндеттеріне сәйкес келеді.
Студенттер IT-стартаптарды құрудың нақты мысалдарымен танысып, тәжірибелі мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар алды. Осындай кездесулер білім беру мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға және олардың кәсіби өсуге деген мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді.


