Select Page

2026 жылғы 27 ақпанда М. Тынышпаев атындағы ALT University-де №4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында «Оптикалық кабель — заманауи және болашақ цифрлық инфрақұрылымның негізі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында телекоммуникация және цифрлық технологиялар бағытындағы студенттер үшін ұйымдастырылды.

Дәріс спикері — байланыс желілеріне қызмет көрсету саласының жетекші маманы Азамат Мұхтарұлы. Кездесу барысында талшықты-оптикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптері, олардың заманауи желілердегі маңызы және оптикалық технологияларды дамытудың болашағы талқыланды.

Мұндай кездесулер білім беру процесін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға, студенттердің өзекті кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия