2026 жылғы 4 ақпанда №4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында «6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «6В06208 – Телекоммуникациялық жүйелер және теміржол байланысы желілері» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Телекоммуникацияның заманауи бағыттары» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері — білім беру және ғылыми зерттеулерге арналған заманауи оқу-зертханалық жабдықтарды әзірлеуге және жеткізуге маманданған немістің PHYWE компаниясының өңірлік директоры Владимир Шелаков болды.
Бұл іс-шара білім беру процесінің сапасын арттыруға және университеттің кәсіби қауымдастық өкілдерімен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған. Дәріс барысында студенттер телекоммуникациялық технологиялардың заманауи даму үрдістерімен, инфрақұрылымды жобалаудың өзекті тәсілдерімен және салада қолданылатын инновациялық шешімдермен танысты.
Тәжірибелі мамандардың қатысуымен өтетін қонақ дәрістері теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды элементі болып табылады. Мұндай білім беру бастамалары ТДМ 4 міндеттеріне сәйкес келеді және цифрлық трансформация жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті Владимир Шелаковқа мазмұнды дәрісі және студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.


