Select Page

2026 жылғы 30 наурызда М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде «Жоғары оқу орны оқытушыларының ойлау логикасының мәдениеті» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаты 4 — Сапалы білім беру аясында ұйымдастырылып, оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

Семинар барысында ғылыми мәтін логикасы, оқытудағы аргументация, сыни ойлау және академиялық жазу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар идеяларды құрылымдау және студенттердің ойларын жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық тәсілдерді талқылады. Семинар спикерлері — Narxoz University қауымдастырылған профессорлары Саудабекова Э.К. және Ташбулатова М.К.

Ұйымдастырушы — Language Education кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., доцент Д. Әбішeва.

Skip to content
Приемная комиссия