2026 жылдың 19 мамыр күні «Қоғамға қызмет ету» пәні аясында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «ALT University-мен бірге болашаққа қадам» тақырыбында таныстыру экскурсиясы мен презентация ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара ТДМ 4 бағыты бойынша, яғни сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар университетпен, білім беру бағдарламаларымен, оқу зертханаларымен және студенттік өмірмен танысты. Сонымен қатар, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріліп, оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығы арттырылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың білімге деген ұмтылысын арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушыларға университет атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Автор: Өмірбекова З.М.


