Select Page

«Энергетика және сандық технологиялар» институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 3-курс студенттері «Ғылыми мақалаларға шолу және ғылыми коммуникация ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.

Семинар спикері — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының доценті м.а., PhD Динара Сайлауқызы Жайсанова. Іс-шара барысында ғылыми мақалаларға рецензия жазудың негізгі қағидалары, рецензиялау үдерісі, сондай-ақ ғылыми коммуникацияның тиімді тәсілдері жан-жақты қарастырылды.

Мұндай семинарлар студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлау қабілеттерін арттыруға және академиялық жазу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бастама ТДМ 4 — Сапалы білім мақсатына сәйкес келеді және студенттердің ақпараттық әрі өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия