Select Page

Инклюзивті, әділ және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған №4 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ 4) жүзеге асыру аясында РТ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Г.М. Юсупова, З.М. Егембердиева және Е.М. Алметова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында өткен «Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: ортақ мүдделер мен ерекшеліктер» атты ғылыми-интеграциялық форумға қатысты.

Бұл форум Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы серіктестікті нығайтудың, озық тәжірибе алмасудың, сондай-ақ ғылымды, білімді және академиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылаудың маңызды алаңына айналды.

Шара барысында қатысушылар мен шақырылған спикерлер түрлі ғылыми бағыттар бойынша баяндама жасап, білім берудің, ғылыми зерттеулердің және халықаралық өзара іс-қимылдың заманауи даму тенденцияларына тоқталды.

РТ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының аталған форумға қатысуы кәсіби құзыреттілікті арттыруға, академиялық байланыстарды кеңейтуге, ғылыми әлеуетті дамытуға және заманауи білім беру практикаларын енгізуге септігін тигізеді. Бұл ТДМ 4 — «Сапалы білім беру» мақсаттарына және өмір бойы білім алу қағидаттарына толықтай сай келеді.

Автор: Алметова Е. М.

Skip to content
Приемная комиссия