Select Page

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында тәжірибелік бағыттағы тренинг ұйымдастырды. Шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Бағдарлама аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:

  • коррекциялық аудиториялармен және мамандандырылған құралдармен танысты;

  • аутизм спектрі бұзылыстары бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін меңгерді;

  • интклюзивті оқытудың заманауи технологиялары мен практикалық кейстерін талдады;

  • инклюзивті мәдениетті қалыптастыру элементі ретінде университет мұражайына барды.

Бұл бастама БҰҰ-ның ТДМ 4 (Сапалы білім беру) және ТДМ 10 (Теңсіздікті азайту) мақсаттарына толық сәйкес келеді. Ол университеттегі антидискриминациялық саясатты, теңдік пен инклюзия қағидаттарын және қолжетімді білім беру ортасын дамытуды қолдайды.

Skip to content
Приемная комиссия