2026 жылғы 16 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде Тұрақты даму мақсаттарының 6-шы бағыты — «Таза су мен санитария» тақырыбына арналған арнайы дәріс өтті. Шараның спикері ретінде қауымдастырылған профессор А.К. Имангалиева сөз сөйледі.
Дәріс барысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, заманауи санитария жүйелерін дамыту және гигиеналық нормалардың адам денсаулығына әсері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар су ресурстарын ұтымды пайдаланудың қоғам тұрақтылығы үшін маңыздылығына ерекше назар аударды. Мұндай академиялық кездесулер студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапты көзқарасын қалыптастырады.


