М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде инновациялық технологияларды дамыту және ғылыми-техникалық әлеуетті нығайту аясында заманауи цифрлық және автоматтандырылған шешімдерді енгізуге бағытталған білім беру және зерттеу жобалары іске асырылуда. Солардың бірі — Arduino Uno микроконтроллерлік платформасы негізіндегі шлагбаумды автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеу жобасы.
Бұл жоба автотұрақтарда, оқу орындарында, кәсіпорындарда және басқа да инфрақұрылымдық нысандарда қолдануға болатын көлік құралдарының кіруін бақылаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған. Arduino Uno платформасын пайдалану шлагбаумның ашылу және жабылу процесін автоматтандыруға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және көлік ағынын басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру барысында заманауи электронды компоненттер, датчиктер және бағдарламалық шешімдер қолданылады. Бұл студенттердің электроника, автоматтандыру, бағдарламалау және робототехника саласындағы практикалық құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізеді.
Жобаға оқытушылар Е.М. Алметова мен Б. Хабиболлақызы ғылыми-әдістемелік жетекшілік етеді.
Мұндай жобаларды іске асыру инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға, студенттердің инженерлік дағдыларын дамытуға және инфрақұрылымға заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұл БҰҰ-ның №9 Тұрақты даму мақсаты — индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылымды дамыту міндеттеріне толықтай сәйкес келеді.


