Select Page

2025 жылдың 17 желтоқсанында сағат 09:30 Тұрақты дамудың 9-шы мақсаты «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» шеңберінде УҚ-ОП-25-1к топтарының студенттеріне «Теміржол станциялары мен түйінін жобалау және қайта құру» пәні бойынша қонақтық лекция өткізілді.

Бұл іс-шара білім беру процесінің саланың нақты талаптарымен және көлік инфрақұрылымын дамытудың заманауи үрдістерімен байланысын нығайтуға бағытталған. Студенттер теміржол көлігі нысандарын жобалаудың өзекті әдістері, қайта құрудың инновациялық технологиялары және тұрақты даму принциптерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай лекцияларды өткізу ТҰДМ-ның 9-шы мақсатына қойылған міндеттерді орындауға тікелей ықпал етеді: сапалы, сенімді және тұрақты инфрақұрылым құруға, инновацияларды қолдауға және көлік саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға.

Skip to content
Приемная комиссия