ИС-25/1к және ИС-25/2к топтарының студенттерімен бірге Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейіне танымдық экскурсия жасадық.
Экспозицияның үш қабатын аралай отырып, студенттер бейнелеу өнерінің жауһарларымен танысты. Әр туындының жанындағы QR-кодтарды қолдану арқылы картиналардың мазмұны мен идеялық мәніне тереңірек талдау жүргізілді. Бұл мәдени іс-шара студенттердің рухани-танымдық дамуына ықпал етіп, олардың мәдени құндылықтарды қабылдау қабілетін арттырды. Рухани байлықтың қалыптасуы мәдени ортаны сезінуден және өнерді бағалаудан басталатыны тағы бір мәрте дәлелденді.


