24.04.25 коворкинг орталығында Автоматтандыру және басқару кафедрасының ПОҚ: т.ғ. к., доцент Ведерников Б. М. және сениор лектор Аманжулова Ж. А. “Темір жол автоматикасы жүйелері мен құрылғыларындағы инновациялар” тақырыбында ғылым және инновация айы аясында ғылыми семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты: теміржол автоматикасында инновацияларды қолдана отырып, заманауи талаптарға жауап бере алатын қауіпсіз, тиімді және ыңғайлы көлік жүйесін құру мәселелерін зерттеу. Семинарда Автоматтандыру және басқару ББ 3 курс білім алушылары сөз сөйледі. Қатысып , сұрақтар қойып, пікір білдіргендер: “Автоматтандыру және басқару” кафедрасының ПОҚ, “ҚТЖ “ҰК” АҚ филиалының Алматы сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы — Алматы қ. “Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі” М.Н. Қуанышбаев, аға инженер Б. С. Рахметова, сондай-ақ Автоматтандыру және басқару ББ 3 курс білім алушылары.