2025 жылғы 22 желтоқсанда көлік құрылысы кафедрасының меңгерушісі, ALT қауымдастық профессоры Т.Ж. Тулемисов 6В07128 – Темір жол және жол шаруашылығы (4-курс, ЖППХ-22-1к,2к топтары) білім беру бағдарламасының студенттеріне «Темір жолды күрделі жөндеуді өндіру үшін арналған технологиялық «үзілістің» ұзақтығын анықтау» кейс-тапсырмасын орындаумен және қорғаумен емтихан өткізді. Кейс-емтихан барысында студенттер өз презентацияларын баяндап, сұрақтарға жазбаша-ауызша жауап берді. Кейс-емтиханда студенттер темір жолды күрделі жөндеуді жоспарлау бойынша өздерінің білімдерін, дағдылары мен құзыреттілігін көрсетті.


