2026 жылғы 14 қазанда «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ Телекоммуникациялар департаменті «Теміржол көлігінің технологиялық желілеріндегі байланыс сапасы» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.
Дәрісті Ташкент мемлекеттік көлік университетінің өкілі, «Радиоэлектрондық құрылғылар мен жүйелер» кафедрасының PhD докторы, доценті Мирсагдиев Орифжон Алимович өткізді.
Дәріс барысында теміржол көлігінің технологиялық желілеріндегі байланыс сапасына қойылатын заманауи талаптар, телекоммуникациялық жүйелердің сенімділігі мен тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ ақпараттың берілуіне және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар қарастырылды. Заманауи цифрлық технологиялар мен теміржол көлігіндегі байланыс жүйелерін дамытудың перспективаларына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар маманның практикалық тәжірибесімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және салалық телекоммуникациялық жүйелерді дамытудың өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік алды.
Қонақ дәрісін өткізу білім алушылардың кәсіби білімін кеңейтуге, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және университеттер арасында ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Іс-шара БҰҰ-ның № 4 Тұрақты даму мақсатына — «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес келеді. Аталған мақсат барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім алушылардың заманауи кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Автор: Мусапирова Г. Д.


