16-20 маусым аралығында Алматы қаласында «Теміржол магистралінің Энергопрофиі» бағдарламасы бойынша корпоративтік оқыту өтті.
ALT Университетінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының барлық өңірлердегі электрмен жабдықтау дистанциялары бастықтарының қатысуымен ауқымды корпоративтік оқыту ұйымдастырылды. Бағдарлама 30-дан астам қатысушыны біріктіріп, теміржол энергетикасы саласындағы кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталды.
Бес күн ішінде қатысушылар келесі тақырыптарды қамтыған қарқынды оқу бағдарламасынан өтті:
- электр жабдықтарын пайдалану және сынау,
- қақтығыстарды басқару және келіссөздер жүргізу дағдылары,
- шығынсыз өндіріс,
- релелік қорғау және апатқа қарсы автоматика,
- қысқы маусымға дайындық паспортына қол жеткізу,
- электр энергетикасындағы нормативтер мен регламенттерді сақтау,
- теміржол саласында жасанды интеллектіні қолдану.
Сондай-ақ, стейкхолдерлерді тарта отырып, білім беру кейстерін нақты өндіріске енгізу жолдары талқыланған форсайт-сессия өткізілді. Іс-шараны Энергетика кафедрасының меңгерушісі Егзекова А.Т. бастаған профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.
Оқу аясында қатысушылар ТОО «Nova Vision» өндірістік орнына барып, компанияның инновациялық өнімдерімен танысты.
Бағдарлама барысында жеке және командалық тиімділік, сондай-ақ еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның ашылуы мен жабылуына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы мен ALT Университетінің басшылығы қатысты.
Бағдарлама соңында қатысушыларға жеке сертификаттар табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде ALT Университетінің ректоры М.С. Жармағамбетова мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының Энергетика және электрлендіру департаментінің директоры Қ.Р. Ахметбеков құттықтау сөз сөйледі.
ALT Университетінің Президент-Ректоры М.С. Жармағамбетова университет пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол ALT Университеті тек теориялық білім беріп қана қоймай, өндірістегі біліктілікті арттыру бойынша сенімді серіктес болуға ұмтылатынын жеткізді. Президент-Ректор қатысушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, командаларын дамытуға шабыттандыруға және Қазақстан темір жолының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға үлес қосуға тілектестік білдірді.
Магистральдық желі дирекциясының Энергетика және электрлендіру департаментінің директоры Қ.Р. Ахметбеков оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ALT Университетінің ұжымына алғыс айтты. Ол «Энергопрофи» бағдарламасы саланың өзекті қажеттіліктеріне жауап беретінін және жаңа буын энергетик-басшыларды дайындауға ықпал ететінін атап өтті. Өз сөзінде ол кәсіби дамудың үздіксіздігі, инновацияларды, шығынсыз технологиялар мен цифрлық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, бұл оқу бағдарламасы магистральдық желінің энергетикалық қызметінің қауіпсіз және тиімді жұмысына негіз болатынына сенім білдірді.
Салтанатты іс-шара сертификаттар табыстау, естелік фото және бейресми әңгімелесу сәттерімен аяқталды. Бұл өзара кәсіби байланысты нығайта түсті.
Аталған оқыту тек тәжірибе алмасуға ғана емес, теміржол энергетикасы саласындағы кәсіби қауымдастықты қалыптастыруға да үлкен мүмкіндік берді.