2026 жылғы 21 наурызда «Ақсеңгір» станциясының шекарасында маңызды технологиялық жұмыстар атқарылды. Алматы жол дистанциясының мамандары түйіспесіз жол мен бағыттамалық аударманың түйісу аймағына теңестіргіш түйіспені төсеуді сәтті аяқтады.
Бұл өндірістік шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясының» басшылығымен қатар Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Теңестіргіш түйіспені қолдану рельс өрмелерінің температуралық өзгерістер кезінде еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, бағыттамалық аудармаға түсетін артық кернеудің алдын алады. Бұл — теміржол қозғалысының қауіпсіздігін арттырудағы маңызды инженерлік шешім.


