Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 14 мамырда 2025 жылы теміржол саласының мамандары мен ардагерлерінің қатысуымен «Теміржол тарландары» атты кездесу КЕШі болып өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы мамандықтары туралы білімді, нағыз маман болу идеясын насихаттап, жастарды осы салаға тарту. Ұлттық кітапхана қорынан «Теміржол тарландары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.
Осы маңызды іс-шараға ALT Университеті Профессор-оқытушылар құрамынан: Ибраимов А.К. — ассоц. профессор, т.ғ.к,, доцент, Қарсыбаев Е. Е.- профессор, т.ғ.д., «Language education» кафедрасы оқытушылары: Досжанова Г.Н., Садыкова Р., Кейшилова С.М, Даниярова Г.Д., Мадениет Н.М. Шайжанова М.М., «ӘГПжДТ» кафедрасы оқытушылары Бейсенова П. т.б. және студенттер қатысты. Досжанова Г.Н. кешке қатысқан колледж және мектеп оқушыларына Университетіміз туралы ақпарат беріп, буклеттер таратып шықты. Қорытынды бөлім шағын концертпен аяқталды.