«Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра күні аясында Тұрақты даму мақсатының 10-бағыты – Теңсіздікті азайту тақырыбында мазмұнды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар, өзара сыйластық, бірлік пен татулық, сондай-ақ қоғамдағы теңдік пен әділдік ұғымдарының маңызы кеңінен насихатталды. Студенттер белсенділік танытып, іс-шараға ерекше қызығушылықпен қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында тең мүмкіндік, құрмет, қолдау және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы теңсіздікті азайту идеясын насихаттау болды. ✨ Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы студенттердің азаматтық ұстанымы қалыптасып, қоғамдық санасы мен рухани дүниесі байи түседі.
Бірлік пен түсіністік, әділдік пен теңдік – жарқын болашақтың кепілі!


