Select Page

«Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен  ұлттық валютамыз- теңгенің 30 жылдығына орай студенттер арасында «Теңге – тарих!» интеллектуалдық байқауы ұйымдастырылды. Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінен «Finanсе experts» және «Аltyn Bars», Алматы технологиялық униаерситетінен «Есеп және аудит», «Қаржы» «Нархоз»университетінен «Тagylym», Логистика және көлік академиясынан «Capital», «Big 4» топтары қатысты. Жалпы байқауда 6 тур болды. Барлық командалар аса ыждахаттылықпен, қызығушылықпен қатысты. Байқау нәтижесінде 1 орынды Қазақ Ұлттық Университетінің  «Аltyn Bars» тобы, 2 орынды Қазақ Ұлттық Университетінің «Finance experts» және Логистика және көлік академиясының «Big 4» топтары, 3 орынды «Нархоз»университетінің «Tagylym», Алматы технологиялық университетінің «Есеп және Адит», «Қаржы» топтары иеленді.  Капитандар сайысында «Tagylym» тобының  капитаны – Бурибаев Аңсар үздік деп танылды. Барлық топтарға сәйкесінше дипломдар, сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Приемная комиссия