2022 жылғы 31 наурызда сағат 15:00-де Академияның акт залында теологпен кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу».
Кездесу спикері-ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия магистрі, дінтану докторанты. Әл – Фараби – Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы.
Әңгіме барысында теолог балаларға қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай таратылатыны туралы айтып берді. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер , үлкендерді құрметтеу мәселелері қозғалды. Студенттер пікір алмасуға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.