«Энергетика және сандық технологиялар» институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 4-курс студенттері серіктес кәсіпорын — «KAZAKHSTAN R&D SOLUTIONS» ЖШС базасында дуалды оқыту аясында кәсіби даярлықтан өтуде.
Өндірістік ортада тікелей жұмыс істеу арқылы студенттер тәжірибеге бағытталған құзыреттерін дамытып, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруде. Бұл формат болашақ мамандарға нақты өндірістік үдерістерді меңгеріп, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Дуалды оқыту — білім беру мен өндірісті ұштастыратын тиімді модель. Ол студенттердің оқу үдерісін практикалық қызметпен байланыстырып, еңбек нарығының өзекті талаптарына бейімделуіне, жауапкершілік пен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруына жол ашады.
Жоба жетекшісі: А.К. Болтабоева.
Бағдарлама Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 8, 9 және 17-мақсаттарын жүзеге асыруға өз үлесін қосады: лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, индустрия мен инфрақұрылымды дамыту және серіктестік байланыстарды нығайту.


