Select Page

М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті 6В07188 «IT Энергетика» ББ 3 курс студенттері  дуалды 2025 жылдың 10-14 қараша айында дуалды білім беру арқылы оқыту шеңберінде  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында пән бойынша «Электр қосалқы станциясының басқару жүйелерін автоматтандыру және телемеханикасы» пәні бойынша білімдерін тәжірибемен байланыстырып жатыр.

Өндіріс орнында сабақ жүргізуші Жедел-диспетчерлік басқарма бастығының режимдер жөніндегі орынбасары – Сахи Зәуре Болатқызы, энергетика жүйесінде жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандардан тікелей практикалық білім алу бұл студенттерге теория мен практиканы ұштастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Теориялық дайындықты және компания объектілеріндегі тәжірибелік сабақтар мен жұмыстар теориялық дайындықты дуальды оқыту бағдарламасы арқылы  жетілдіруге студенттерге үлкен мүмкіндік береді:

— автоматтандыру мен телемеханиканың заманауи жүйелері қосалқы электр станцияларын зерделеку;

SCADA, EMS, DMS, бағдарламаланатын логикалық контроллерлермен (PLC) мен жұмыс істеуді үйрену;

— датчиктер мен жетектерден деректерді жинау, өңдеу және талдаудағдыларды қолдану;

— энергетикалық жабдықтың жұмысын мониторингілеу, диагностикалау және оңтайландыруға дағдылану;

— цифрлық энергетика және басқару жүйелерін автоматтандыруда талап етілетін практикалық құзыреттіліктерді дамыту.

Мұндай оқытулар студенттерге  академиялық оқытуды нақты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді, бұл кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға және энергетика саласындағы табысты мансапқа дайындалуға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия