Көктемнің жылы шуақ күндерімен бірге автомобиль жол саласының жұмыстары қызу қарқынмен басталып кетеді. Соған қарамастан М.Тынышпаев атындағы Университет қабырғасында «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» бағытында білім алып жатқан студенттерге «Қазақстан жол-ғылыми зерттеу институты» АҚ Алматы филиалының директорының орынбасары, мамандандырылған жол-құрылыс материалдары зертханасының меңгерушісі, кәсіби маман Асанова Ғалия келіп дәріс оқып кетті.
Кәсіби маманның жинаған тәжірибесі мен қоса, заманауи жаңалықтар мен инновациялық материалдар туралы айтқан мағлұматтары жоғарғы курс студенттерінің қызығушылығын арттырды. Заман талабына сай ғылыми институттың мамандары зерттеген жол құрылысына арналған материалдардың беріктікке, төзімділікке, тиімділікке жауап беретін түрлері туралы баяндалды.
Өткізілген дәріс мамандар мен студент жастарға мол мағлұмат берді. Асанова Ғалия студенттерді алдағы уақытта өндірістік тәжірибеден өтуге «Қазақстан жол-ғылыми зерттеу институты» АҚ Алматы филиалына шақырды.