16.04.2026 ж. ЖОБ (РУПД) жоспарына сәйкес “Language Education” кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Изтаева және Н. Мәдениет 58 және 62 топ студенттерімен бірге Терренкур паркінде экологиялық-танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара 15:00–16:50 аралығында өтті.
Шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Серуен барысында студенттер парктің өсімдіктер әлемімен танысып, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы ақпарат алды.
Сонымен қатар «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбында пікір алмасу жүргізіліп, БҰҰ-ның ТДМ 15 мақсаты аясында экологиялық мәселелер талқыланды. Іс-шара студенттердің экологиялық санасын және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.


