Select Page

2026 жылғы 2 қарашада Алматы қаласында өткен Tian Shan Forum 2026 – Local Government Cooperation Subforum халықаралық форумына «Тілдік даярлық» департаментінің оқытушы-тағылымдамашысы Дәулет Гүлнұр мен оқытушы көмекшісі Мақсат Сағира қатысты. Форумның негізгі тақырыбы – «Экология – ортақ өркендеудің негізі: тұрақты ауыл шаруашылығы, өмір сүру тұрақтылығы және жергілікті ынтымақтастық». Іс-шара CAREC Institute ұйымдастыруымен және Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Форум барысында экологиялық тұрақтылық, тұрақты ауыл шаруашылығы және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, пікірталастарға қатысып, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті. Форум тақырыбы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты – «Аштықты жою», 13-мақсаты – «Климаттың өзгеруімен күрес» және 17-мақсаты – «Мақсаттар жолындағы әріптестік» бағыттарымен үндеседі. Форумға қатысу кәсіби тәжірибені кеңейтуге, жаңа білім алуға және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы тәжірибені арттыруға мүмкіндік берді.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия