2026 жылдың 16 сәуірінде сағат 11:30-да Ғылым айлығы аясында «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.У. Қалқабаеваның ұйымдастыруымен «Орыс тілінің білгірлері» атты интеллектуалды викторина өткізілді.
Бұл іс-шара студенттердің пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлау қабілетін шыңдауға және сөздік қорын байытуға бағытталған. Ойын барысында қатысушылар өздерінің эрудициясын көрсетіп, ғылым әлеміне жаңа қырларынан үңілді. Интеллектуалды сайыс өте тартымды, танымдық және мазмұнды деңгейде өтті.
Шара БҰҰ-ның ТДМ 4 (Сапалы білім беру) мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылды.


