12 қыркүйек 2024ж. Еліміздегі «Тілдер мерекесі»-не байланысты, М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті қабырғасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты әдеби-танымдық кеш болып өтті. Мерекелік іс-шарада «Language Education» кафедрасы меңгерушісі Қалқабаева Г.У. кіріспе сөз алып, іс-шара әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, кеш өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі – биік, Туымыздың тұғыры – берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!