2026 жылдың 10–13 наурызы аралығында «Language Education» кафедрасында ТДМ 4, 9 және 17 аясында инновациялық апта өтті. Іс-шара тәжірибе алмасуға, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге және білім сапасын арттыруға бағытталды.
Апта бойы ашық сабақтар өткізіліп, сарапшылар мен әріптестердің қатысуымен кәсіби ынтымақтастық нығайтылды. Инновациялық апта озық тәжірибелерді көрсетіп, білім беруді цифрландыруды арттырып, университеттің сапалы білім, инновация және серіктестікке ұмтылысын айқындады.


