2026 жылдың 22 қазанында «Тілдік дайындық» департаменті көпмәдениетті ортаны дамытуға және ағылшын, орыс әрі қытай тілдерін практикалық меңгеруге бағытталған «TRI-LOGUE» студенттік тіл клубының Ашық есік күнін өткізді. Бағдарлама аясында интерактивті шеберлік сабақтары, соның ішінде иероглифика негіздеріне бойлау, сондай-ақ академиялық викториналар мен конкурстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар Mystery Box форматындағы естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға тікелей ықпал етеді: үздіксіз білім беру форматы арқылы ТДМ 4 («Сапалы білім»), тілдік ресурстарға тең қолжетімділік пен инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету арқылы ТДМ 10 («Теңсіздікті азайту»), сондай-ақ студенттер арасында мәдениетаралық диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы ТДМ 17 («Тұрақты даму муддесіндегі серіктестік»).
Автор: Досмағанбетова Н. Б.


