Select Page

2026 жылғы 13 қарашада Тілдік дайындық департаментінде кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық апта аяқталды.

Іс-шара аясында ағылшын, орыс және қытай тілдері бойынша геймификация, коммуникативтік әдістер және мультимедиялық материалдарды қолдану арқылы ашық сабақтар өткізілді.

Оқытушылар Wayground, Kahoot, Wordwall.net, LearnEnglish.com және Test-English.com платформаларын пайдаланып, студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға арналған интерактивті тапсырмалар мен онлайн-жаттығуларды ұсынды.

Сабақтар қорытындысы бойынша әдістемелік талқылаулар өткізіліп, педагогикалық тәжірибе алмастырылды.

Инновациялық апта кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, тілдерді оқытудың заманауи әдістерін дамытуға ықпал етті.

ТДМ 4 – Сапалы білім: іс-шара білім сапасын арттыруға және заманауи оқыту тәсілдерін дамытуға үлес қосты.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия