ALT University-де Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің (ТМТУ) магистранттары мен докторанттарының ғылыми тағылымдамасы аяқталды.
Тағылымдама аясында қатысушылар ғылыми семинарларға қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша кеңестер алды. Бағдарлама ғылыми тәжірибе алмасуға, зерттеу дағдыларын дамытуға және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға оны сәтті өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
ALT University ТМТУ магистранттары мен докторанттарына ғылыми қызметте табыс, жаңа жетістіктер, жемісті зерттеулер және алға қойған барлық мақсаттардың сәтті жүзеге асырылуын тілейді!
Автор: Нұрманбек А. Е.


