2025 жылдың 24-қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тоғызқұмалақтан Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері және мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысқан, “Халықаралық мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне” арналған ашық турнир ұйымдастырылды. Бұл жарысқа ALT Университетінен М-25-3к тобының студенті Тұрғынбай Омар қатысып, өз шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін толықтай көрсетті, спорттық және зияткерлік тұрғыда белсенділігін танытып, ойын барысында шапшаңдық пен тактикалық шеберлігін дәлелдеді. Турнир барысында қатысушылар бір-бірімен достық әрі салауатты бәсекелестік орнатып, өздерінің интеллектуалдық және тактикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды.


